Көлеңкелі экономиканың зияны көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Жандос Сматов 2019 жылғы бірнеше айдың жұмысы жөнінде айтып берді.

–Бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалануға байланысты 29 қылмыстық істен 22 миллион теңгенің шығыны анықталып, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 16 миллион теңге сотқа дейінгі тергеу барысында қайтарылды,–деген департамент басшысының орынбасары биылғы жылы департамент өндірісінде 59 сотқа дейінгі тергеу жатқанын, оның 37 пайызы экономика саласына қатысты екенін айтты. Сотқа жіберілген 32 сотқа дейінгі тергеу тоқтатылыпты.
–Жедел іздеу шараларын өткізу нәтижесінде Көкшетау қаласының және Ақмола облысының Бестөбе кенті, Целиноград ауданының Қосшы мен Қараөткел ауылдары тәрізді бірқатар елді мекендер аумағында заңсыз жұмыс істеген 16 мекеменің жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде 7 букмекерлік кеңседе «электрондық казино» жұмыс істеген. Құмар ойнына қатысты 22 ойын терминалы тәркіленді. Тексеру барысында 2 миллион теңгеге жуық қаржы, телевизорлар, ноутбуктер, мониторлар мен өзге де компьютерлік техника алынды. Экономикалық тергеу департаменті ойын мекемесі заңсыз ашылса немесе ойын бизнесі саласындағы қызмет заңсыз ұйымдастырылса, сондай-ақ, заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар берілсе, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындары ұйымдастырылса, ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асырылса 5 миллион 50 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді,–деді Жандос Сматов.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар