Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымына сай болуы керек

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облыстық департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп және кәсібилік қағидалары туралы айтып берді.

–Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасқан, ол құқықтық актілері мен заңнамалық негізі бар кәсіби әкімшілік аппаратының жетілдірілген жүйесі болып табылады және ең алдымен мемлекет қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Осыған орай, мемлекеттік қызметте әр мемлекеттік қызметшінің жасаған әрекетін және өз міндеттерін атқару кезінде жол берген кемшіліктерінің салдарын айқын түсінуіміз қажет. Департаментпен әрбір заң бұзушылық фактілеріне түбегейлі баға беріледі. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысында 69 мәселе қарастырылды, соның 74 пайызы алдын алу сипатына ие, сондай-ақ отырыстарда 18 тәртіптік іс қаралды,–деген департамент басшысының орынбасары тек ағымдағы жылдың өзінде Әдеп кодексін бұзғандығы үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты 3 тәртіптік іс қозғалғанын айтты.
–Бурабай кентінің әкімі Т.Амантаев қызметтік көлік рөліне масаң күйінде отырған. Әкім Щучинск қаласындағы «Самал» дәмханасынан алшақ емес жерде жол полициясының қызметкерлерімен тоқтатылып, кейін медициналық куәландыруға жолданған. Талдау ішімдік масаңдығы күйінің бар екендігін көрсеткен. Сөйтіп, Бурабай аудандық сотының қаулысымен Т.Амантаев заңды бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзіміне айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылған. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Т.Амантаев өзінің жасаған әрекеті үшін кінәсін мойындады, сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері бұл қылық оның мемлекетке әрі қарай қызмет етуіне сәйкес келмейді деген тұжырымға келді,–деді Дархан Хайруллин.
Одан әрі ол департаментпен бағынысты тұлғалармен қатынас жасау кезінде қызметтік әдеп және еңбек тәртібін бұзу фактілерінен көрінген мемлекеттік орган басшысының әрекеттеріне қатысты Бұланды ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің ұжымдық өтініші қаралғанын, аталған дәлелдер тексеріс барысында өз айғақтарын тапқанын айтты.
–Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен Бұланды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.Шаймерденовті лауазымынан босату ұсынылды. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңеспен тәртіптік істерді қарастыру қорытындысы бойынша барлығы 13 мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жазаға тарту туралы шешімдер қабылданды. Бақылау фунцияларын жүзеге асыру шеңберінде қызметтік әдеп және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы нысанында 39 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 419 заң бұзушылық анықталып, 13 заң бұзушылықты жою туралы 13 нұсқамалар мен ұсыныстар енгізілді. 15 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді. Талдау және тексеріс нәтижелерінде 7 тәртіптік жаза жойылды. Департаменттің ұсыныстары мен ақпараттық хаттары бойынша 30 мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік тәжірибеге қатысты осы жылдың 8 айында 9 әкімшілік хаттамалар жасалды. Кейбір «әдепсіз» шенеуніктерге қарап, барлық мемлекеттік қызметшілердің бейнесін қалыптастыруға болмайды. Іс жүзінде, мемлекеттік қызметтегілердің көпшілігі қоғам мен мемлекетке еңбегі сіңіп келе жатқан адамгершілігі мол, адал тұлғалар,–деген департамент басшысының орынбасары журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар