Шіркеу құрылысы бітер күн таяу

Қопа көлінің жағалауында 2016 жылдың наурызынан бері салынып жатқан жаңа православие шіркеуінде болған облыс әкімі Ермек Маржықпаев ондағы құрылыстың жайына қанықты және шіркеуді пайдалануға берудің мерзімін белгіледі.

«Новый собор» қоғамдық қорының төрағасы Александр Мартыненконың айтуынша, шіркеу құрылысының сметалық құны 1 миллиард 48 миллион теңгені құрайды екен. Нысанның құрылысын аяқтауға 795 миллион теңге жиналыпты. Әлі де 250 миллион теңге қаржы жетіспейді. Өткен жылы өңір басшысының бастамасымен 205 миллион теңге қаржы жиналған екен. Есік пен терезелерге тапсырыс беріліпті.
Александр Мартыненко облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндап берді. Бүгінгі күні шіркеу ішінде сылақ жұмысы жүргізілуде. Еден астының жылу құбырлары тартылып, үсті бетондалып, ақпан айында плитка салынбақшы. Өзге де қосалқы жұмыстар бірге атқарылады. Бұдан кейін шіркеу үшін безендіру жұмысы басталады. Жаз айларында сыртқы баспалдақтар мен қабырғалары ретке келтірілмекші. Өңір басшысы мұндағы жұмыстың сылбыр жүргізілгеніне, сапасы нашар екеніне және құрылысшылар санының аздығына назар аударды. Жаңа шіркеудің сылақ-сырлау жұмысы ақпанда, қалған жұмыстар сәуір мен мамырда аяқталуы тиіс екенін қадап айтты.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар