114 көкшетаулық отбасы ақыл-кеңес алды

Жаңа жылдың алғашқы күндері көкшетаулық 114 отбасы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің және көп балалы отбасылар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың жаңа механизмдері бойынша ақыл-кеңес алды.

Солардың ішінде Махаббат Каренкина да әлеуметтік қорғау жүйесі органдарына өз өтінішімен келді. Қала тұрғыны ақыл-кеңес алғаннан кейін орталық қызметкерлеріне өз алғысын білдірмей қала алмады. Қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін өтініш иесі қайтадан атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдіреді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмдері бойынша ақыл-кеңес беру облыстың барлық аудандары мен қалаларында іске асырылуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *