Жақсыдағы жақсы жетістіктер

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мәлгаждаров өңір еңбеккерлерінің қол жеткізген табысы жөнінде баяндап берді.

– Өткен жылы ауданға тартылған инвес-тиция көлемі 7,4 миллиард теңгені құрады. Оның тең жартысы ауыл шаруашылығы саласының үлесінде. 3,4 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жыл қортындысы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар 2,7 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Ұн, жарма, сүт өндіру көрсеткіші артты. ТНК Агрофирмасының құрамына кіретін «Урожай» серіктестігі тұрақты жұмыс істеп, өз өнімдерін Әзербайжан, Иран, Өзбекстан мен Қытайға экспортқа жіберуде. Сондай-ақ, тез әзірленетін қауыз бен жарма өндірісінің кешені пайдалануға берілді. Отызға жуық жұмыс орны ашылды,–деген аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия көлемі 2,6 миллиард теңге болғандығын айтты. Бұл 2018 жылдағыдан екі есе көп. Өткен жылы аудан диқандары 560 мың тонна астық жинаған.
Одан әрі Бауыржан Мәлғаждаров мал шаруашылығы саласында 2,5 мың тонна ет, 21,4 мың тонна сүт өндірілгенін атап өтті. Бұл өңір негізінен егіншілікпен айналысады, дегенмен мал шаруашылығы да дамып келеді. Ірі қара 25 мың, қой-ешкі 24 мың, жылқы 9 мың басты және 60 мың құс бар. Шаруа қожалықтары 72 бас асыл тұқымды мал әкелген екен. «Новокиенка» серіктестігі жыл сайын экспортқа бағытталған ет өңдейтін кәсіпорынға мың бас ірі қара сатады. Биылғы жылы шағын және орта бизнес саласында 58 жоба жүзеге асырылмақшы.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданда 27 пәтерлік жаңа үй пайдалануға берілді. Тағы да дәл осындай үй пайдалануға берілмекші. Өткен жылы жолдар, үй подъездері жөнделіп, көпір астынан өзен суын өткізетін құбыр орнатылды. Есіл селосында су құбыры жүйесінің құрылысы бас-талды. Мұндай жүйе Перекатный селосында жөнделмекші. Чапаев дамбысына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан кейін аудан әкімі білім, денсаулық сақтау, спорт тәрізді өзге де әлеуметтік салалардың жағдайы жөнінде айтып берді. Ауданда дәрігерлер жетіспейді.
– Өткен жыл біздің аудан үшін ерекше жыл болды. Президент жұмыс сапарымен өңірімізде болып, еңбек адамдарымен кездесті. Алғаш рет «Ақ бидай-2019» спартакиадасы өткізілді. Осыған орай, мың орындық стадион салынды. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттерді орындап, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырамыз,–деген аудан әкімі журналис-
тер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар