Волонтерлер орталығы жұмысын бастады

Еріктілер жылына орай, Көкшетауда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Азаматтық қорғаныс көпбейінді жоғары колледжі және «Арна» жоғары колледжі арасында өзара әріптестік туралы үш жақты қол қойылған меморандум шеңберінде волонтерлер орталығы ашылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталық қаладағы волонтерлер мен «Феникс» және «Лидер КЗ» волонтерлік қозғалыс өкілдерінің басын біріктіретін болады. Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің волонтерлері тарихи-мәдени мұраны сақтауға, өңірлік, аймақаралық, республикалық мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыруға атсалыспақшы.
– Бәрі колледждің волонтер тобына қосылуынан басталды. Алдымен біз қарияларға көмектестік. Қар тазалап, үйлердің ауласын жинадық. Өткен жылы колледжден қаражат жинап, жалғызбасты қарияларға азық-түлік сатып әпердік. Қазіргі кезде, көрші тұратын 93 жастағы қарияны өз қамқорлығыма алдым, – дейді Азаматтық қорғаныс көпбейінді жоғары колледжінің 4 курс студенті Валерия Гарбуз.
Еске сала кетейік, ағымдағы еліміз бойынша бірқатар мерейтойларды өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығында 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен Қазақстан және Ресейдің әріптестік жөніндегі аймақаралық форумы өтеді. Бұл шаралардың барлығына міндетті түрде волонтерлер тартылатын болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажары».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар