«Шалқыма» би тобы үш жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық «Astana global fest» хореография және вокал байқауында «Шалқыма» би ансамблі «Райские бабочки» хореографиялық композициясын орындап, Бас жүлдені иеленді.

Ансамбль сондай-ақ, жекелеген номинация бойынша да жақсы өнерімен танылып, бірінші орыннан көрінді. Бұған қоса, жерлес бишілерді осы өнер додасына мүлтіксіз дайындаған ансамбль жетекшісі Айгүл Тәшімова «Үздік тәлімгер» атағына ие болды.

Біз де «Шалқыма» би ансамблін осы жеңісімен құттықтап, Ақмола, Көкше өңірлерінің абыройын асқақтатар осындай жетістіктеріңіз алда да көп болсын деген игі тілегімізді білдіреміз.

Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар