ТЕАТР- ГАСТРОЛІ. ЕҢ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАР ҰСЫНЫЛАДЫ!

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сәуір айының 24-27 күндері  Көкшетау қаласына гастрольдік сапармен келеді!

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өзінің тың ізденісімен, жаңа бағыттағы даму жүйесімен театрлар арасында көш бастап келе жатқандардың бірі.

Саф таза өнермен жасөспірімдердің жүрегін жаулап, балалардың көңілін тауып, ересектерді естен кетпес әсерге бөлеп жүрген театр алматылық көрермендердің ғана емес, жалпы Қазақ елінің түпкір-түпкіріндегі  көрерменнің сұранысына ие болып, қошеметіне бөленіп жүр.

Қазақстанның қалаларын аралауды мақсат тұтқан театр көктемнің көрікті күндерінде гастрольдік сапарын бастағалы отыр. Театр ұжымы көкшелік көрерменнің ыстық ықыласы мен сансыз сұрауын ескеріп, Көкшетау қаласында тұңғыш рет ең үздік қойылымдар шеруін жасамақшы.

Театр репертуарындағы таңдаулы туындылар Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында,  «Көкшетау» мәдениет сарайында және Ақмола облыстық орыс драма театрында сахналанады.

Көкшелік көрерменнің назарларына қазақ әдебиеті мен әлем классикасының озық үлгілері ұсынылмақшы.

ӨТЕТІН КҮНДЕРІ МЕН УАҚЫТЫ

24 сәуір – «Махаббат, қызық мол жылдар» (авт.:Ә.Нұршайықов, реж.:Ф.Молдағали), «Көкшетау» мәдениет сарайы. Басталуы – сағат 18:30.

***

24-25 сәуір – «Қарагөз» (авт.:М.Әуезов, реж.:Ф.Молдағали),  Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры. Басталуы –  сағат 18:30.

***

25 сәуір – «Махаббат, қызық мол жылдар» (авт.:Ә.Нұршайықов, реж.:Ф.Молдағали),  «Көкшетау» мәдениет сарайы. Басталуы – 14:00 және 18:30.

***

26 сәуір – «Бернарда Альбаның үйі» (авт.:Ф.Г.Лорка, реж.:Д.Жұмабаева),  Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры. Басталуы – 18.30.

***

27 сәуір – «Құлагер» (авт.:І.Жансүгіров, реж.:Ф.Молдағали), Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры. Басталуы – 18:30.

***

Барлық осы  қойылымдарға билеттер Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының және «Көкшетау» мәдениет сарайының TICETON сайтында қолжетімді.

Көкшетаулық көрермендер бұл жолы театр және кино өнерінің талантты майталмандары  Гүлжамал Қазақбаева, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Дархан Сүлейменов, Ерден Жақсыбек, Гүлбаһрам Байбосынова, Толқын Нұрбекова және тағы да басқа  қазақ өнерінің өрістеуіне үлес қосып жүрген артистердің шығармашылықтарымен таныса алады.

Ұлтымыздың інжу-маржаны, әлем классикасының алтын қазынасы саналатын драмалық шығармаларының негізінде кәсіби режиссерлер сахналаған спектакльдерді көруге шақырамыз!

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар