Ақмола облысының әкімі Нұра өзенінің арнасы бойындағы су қозғалысын тексерді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылындағы Нұра өзені бойындағы су қозғалысын тексерді.

Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылының жанындағы көпір құрылысында еріген су төртінші күн ағуда.

Ауылдық округ әкімі Гүлбану Кунакованың айтуынша, тәуекел аймағында орналасқан тұрғын үй құрылыстарының барлық иелері жазбаша түрде хабардар етілген. Жағдай бақылауда. Өзеннің жағасы ауыл жағынан биіктігі 4-5 метр жер үйіндісімен жабдықталған.

Марат Ахметжанов өзеннің қозғалысына мониторингті күшейтуді және жалпы су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар