Біз жақсылықтың қадірін білеміз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Алғыс айту күнін белгіледі. Бұл еліміздің жарқын мерекелерінің бірі болып саналады. Мұнда халқымыздың ізгі тарихы, ынтымақ-берекесі көрініс тапқан. Адам өмірінің басты қағидасы жақсылық жасау мен соның қадірін білуден тұрады.

Біздің отбасымыз да этникалық неміс ретінде қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңес немістерінің басына қара бұлт үйірілді. Ойламаған жерден сатқын болып шыға келген туған-туыстарымызды бір заматта үйінен қуып шығып, тауарлы вагондарға тиеп, Сібір мен Орталық Азияға жер аударды. Жалпы, өзге ұлттарды айтпағанда, Волга, Қырым, Кавказ өңірілерінен, Қара теңіз жағалауынан, Ленинград және Мәскеу қалаларынан 800000 қандасымыз жапа шекті.
Аға буын өкілдерінің айтуынша, жол-жөнекей тірі қалған аш-жалаңаш жандарды қазақ халқы паналатып, барымен бөлісті. Мейірбандық пен жанашырлықтың арқасында еңсе тіктеген өзге ұлт өкілдері Қазақ елін өзінің туған Отаны санайды. Бірге тіршілік кешіп, осы аяулы Отанын гүлдендіруге аянбай атсалысты. Қазіргі күні ата-әжелеріміз бауыр-тамыр болып араласады, бірге қуанып, ауыртпалықты бірге көтерісуде. Біз де осынау жарқын үлгімен өсіп-өркендедік. Қазақстан Тәуелсіздігінің салтанатын тұғырландыруға күш салудамыз. Мемлекеттің ұлтаралық татулықты нығайту саясатының жемісін көріп отырмыз. Алғыс айту күні құтты болсын, отандастар!

Светлана КОРНЕЕВА,
облыстық «Видергебурт» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар