Брифинг

15 мың теңге көлеміндегі төлемақыны алуға өтініштер қабылдануда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко халыққа коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңге туралы толық ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша карантин кезеңінде мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктер жасау туралы айтқан болатын.
Осы орайда ұйымдастырылған жоба бойынша 15 мың теңге көлеміндегі коммуналдық өтемақы 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ, кембағал балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен осы санатқа теңестірілгендерге, әскери қызметін орындау барысында қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге беріледі. Мұндай жеңілдіктер тек карантин аймағындағы елді мекен тұрғындарына қарастырылған. Яғни, ақмолалықтар аталған өтемақы алу үшін өтініштерін бере алады.
Осы күні облыста аталмыш төлемақыны қажет ететін 50 мың отбасы бар екен. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Бүгінде жергілікті әкімдіктерге коммуналдық өтемақы үшін 15 мың теңге алуға 3 мыңнан аса  өтініш түсіпті.
–Коммуналдық өтемақы үшін берілетін 15 мың теңге қаражат тұтынушылардың дербес абонементтік шоттарына аударылады. Мамыр айында сәуірдің, ал, маусымда мамырдың төлемі жіберіледі. Өтемақы жылу, су, электр қуаты және қатты тұрмыстық қалдықтардың коммуналдық ақысы  үшін төленеді. Аталған төлем әкімдікке өтініш жазып, тізімге енген азаматтарға ғана беріледі. Бүгінде төлемдерді жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы да бөлінді. Аптаның соңына дейін өңірлерге аударылады, – дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Иванович.
Төлемдерді реттеу үшін «0-70» арнайы бағдарламасы іске қосылыпты. Және де коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер әр айдың 25-іне дейін жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатының мақсатты жұмсалғаны туралы есеп берулері тиіс.
Ал, жалдамалы пәтерде тұратын, бірақ жеті санаттың біріне жататын отбасылар 15 мың теңге алуларына мүмкіндіктері жоқ. Өте қиын мәселе екені рас. Бірақ, мұндай жағдайда жергілікті әкімдік бюджеттен қосымша қаржы қарастыруы тиіс. Ал, біздің облыстық әкімдікте бұл мәселе қарастырылмаған. Сондай-ақ, халық көкейінде «егер төлемақы алуға әйелінің құқығы болып, пәтер күйеуінің атында болса, 15 мың теңге төлене ме?» деген сұрақ бар. Егер отбасы мүшелерінің біреуі 7 санаттың біріне жататын болса, онда ол отбасы пәтер немесе үй өз аттарында болса, төлемақыны ала алады.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар