Ата-әжелерімізді қадір тұтып, сыйлайықшы

Біздің қарттарымыз – біздің байлығымыз. Менің ойымша, бұл өте дұрыс айтылған мағынасы мол сөз. Ардагер аталарымыздың ерен еңбектерінің арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүреміз. Сол үшін оларды бағалап, кұрметтеуміз керек.

Қарттардың құрметіне күнтізбемізде атаулы күннің болғаны өте дұрыс. Бірақ, мереке екен деп, қарттарға бір күн ғана көмектесіп, артынан ұмытып кетуге болмайды. Оларға әрқашан да көмек қолын созуға дайын болуымыз керек. Себебі, қарттар көмекке мұқтаж. Бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлап, ізеттілік танытуға, ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымызды сақтауға тиіспіз.
Осы тақырыпты қозғағандықтан, мен өзімнің әжем туралы да аз-маз тоқтала кеткім келеді. Менің әжем Наталья қарапайым отбасында тәрбиеленген. Ол бала кезінен бастап қызықты да қиын мамандықты игеруді армандады. Бой жеткен кезде оның арманы орындалды. Ол өзі қалаған «Инженер-технолог» мамандығын меңгерді. Оқуды тәмамдаған соң әжем осы мамандық бойынша 20 жыл бойы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол зейнеткер. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең мейірімді әже. Мектеп табалдырығын аттағанымда менің мемлекеттік тілді үйренуге деген құштарлығымды көріп, қазақ сыныбына жетелеп алып барған да осы әжем болатын. Енді, жоғары оқу орнының журналистика факультетіне оқуға түсу жайлы ойымды да қолдап отыр. Міне, менің әжем осындай. Мен оны жақсы көремін және шексіз құрметтеймін!
Виктория СТОМАТОВА,
Макин орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар