Газ құралдарын пайдалану ережелеріне мұқият болыңыз

Бүгінгі таңда сұйытылған газ баллондарын сатып алу қиындық тудырмайды, мәселе сатып алудың соңы неге алып келетінінде. Сатып алушыны ең алдымен, газдың мөлшері қызықтыруда, ал, баллонның қолдануға қаншалықты жарамды күйі алаңдатуы екіталай.

Қазіргі уақытта баллондарды газбен толықтыру қызметімен біраз мекемелер айналысуда. Бұл мекемелерде тіпті, жөндеу базасы және баллондарды алмастыру қоры да дұрыс қалыптаспаған. Мұндайда сатып алушының баллонын газбен толтырудың өзі қауіпті. Баллон әр қолданудан кейін міндетті түрде газбен толтыру станциясына мамандармен алдағы қолдануға жарамдылығын анықтау үшін жолдану керек. Оған гидравликалық сынақ тексерісінен кейін келесі сынақ уақыты белгіленіп, сонымен қатар, таңба қойылады. Барлық технологиялық процестен кейін барып газбен толықтырады, тұрмыстық газ баллондардың ілмекті құрылғысына тексерістен өткізген компанияның келесі қолданысқа дейін жарамдылығы туралы белгісі қойылады.
Өрт пен апаттың орын алуы тек баллонның ақаулығы ғана емес, орналастырылған бөлменің техникалық жағдайынан да болуы мүмкін. Үй ішіндегі газ шаруашылығын жөндеу және қызмет көрсету ақылы. Сондықтан, үй иелері арнайы мамандарды шақырмай, ақауларды өздері түзетуде. Мұндайда қауіпті жағдайға алып келу мүмкіндігі тіпті артады.
Сұйытылған газ баллондарын қолданушылардың есіне тағы бір салғымыз келетіні, өздеріңізді және жақындарыңызды сонымен қатар, айналаңыздағы адамдарды қауіпке ұшыратпаңыз. Газ баллонын күдік тудыратын адамдардан және белгісіз тасымалдаушылардан алмағандарыңыз абзал. Осындай сақтық шараларын мұқият сақтағанда ғана әртүрлі оқыс оқиғалардың көңіл құлазытпауы мүмкін.
А.ЖАҚСЫБАЕВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғаныс майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар