Өрт қауіпсіздігі – өзекті мәселе

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Әсет Жақсылықовтың «2017-2018 жылдар жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар» тақырыбында брифингі өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жылу беру маусымының басталуына орай, орын алатын түрлі өрт апаттарының алдын алу мақсатында арнайы бағытталған шаралар легін бастап кетті. Алдымен, жылу маусымы басталмас бұрын, қыркүйек айының он бесінен қазан айының он бесіне дейін тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығы болып өтті.
Айлық барысында департамент қызметкерлері қала халқын өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырып, ол орын алған жағдайда ғимаратпен үйлерінен қауіпсіз аймаққа жылдам шығу кезіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмыстарын тұрғын үйлер мен жеке жайларды аралай отырып жүргізді.
–Бізге бұл шараны орындауға жергілікті полиция қызметі мен қызығушылық танытқан өзге мекеме қызметкерлері қол ұшын берді. Сонымен қатар, біздің департаменттің инженерлік-инспекторлық құрамы аталмыш қызмет көрсету органдарының көмегімен «Бөлімше» жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды. Бұл шараның қамту аясы – төтенше жағдайлар болу ықтималдығы артқан әлеуметтік топтардың тұрғын жайлары. Оларға жалғызбасты қарттар, мүгедектер жатады.
Өрттен құтқару нұсқаулығын жасау кезінде біздер тұрғын үйлердегі эвакуация-
лау жолдарына баса назар аударамыз. Әрі жылу беру ошақтарының барлығын өз назарымызда ұстап, қауіпсіздік талаптарына сай болуын қадағалаймыз, – деді өз сөзінде департамент басшысының орынбасары Әсет Жақсылықов.
2016-2017 жылдары облысымызда шығыны 135 миллион 40 мың теңгені құраған 415 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 12 адам қаза тапқан. 68 адам өмірі мен 681 миллион теңгенің материалдық құндылықтары тілсіз жаудан аман-есен құтқарылған. Өрттің негізгі себебі, қауіпсіздік шараларының сақталмауында. Атап айтсақ, электр және жылу құралдарын дұрыс орналастырмау және пайдаланбау салдарынан болып отырған көрінеді.
Брифингтің соңында департаменттің атынан еріктілер қоғамына алғыс айтылып, сол азаматтардың көмегінің арқасында нәтижелі жұмыс атқарылып отырғандығы тілге тиек етілді. Алдағы уақытта да біздер, еріктілер топтарымен бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз деп атап көрсетті құтқарушы мамандар.

Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар