Әлеуметтік қорғаудың аясы кең

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай, Достық үйінде облысымызда осы саланың дамуы-на сүбелі үлесін қосып жүрген үздік қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

Шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Олжас Бектенов қоғамның бұл жандарға алғысының шексіз екенін баса айтты. Сонымен қатар, үздік қызметінің арқасында еңбегі еленген елеулі азаматтарды марапаттады.
Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюро кезекшісі Сансызбай Сауытбеков, Щучинск қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мейірбикесі Наталья Клименко, қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығының тәрбие жұмысы жөніндегі маманы Сәбит Шағыров «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Ал, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісіне қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қали Ахметов, Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Дулат Алдажанов сынды майталман мамандар лайық деп танылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хатымен бірқатар үздіктер марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте «Он алты қыз», «Көкшетау», «Полянка», «Балдәурен» би ансамбльдері мың бұрала билесе, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның солистері Махаббат Мұхамеджанова мен Алдияр Ерғали әуелеген әнімен тербеді. Өнерпаздар тартуы аты аталған жандармен шектелген жоқ. Тағы да көптеген өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар