Мақсат – ауыл әлеуетін арттыру

2017 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді.

Бұл қаржы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит өткізу шығынын жабуға және тексеру одақтарын мемлекеттік қолдау аясында субсидия төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі – Тексеру одағы құрылды. Бұл коммерциялық емес ұйым ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржылық-шаруашылық жұмысын үйлестіреді және ішкі аудит жүргізеді.
Тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудит қызметін көрсетеді. Сондай-ақ, тексеру одағының құрылтайшы құжаттарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Заңнамасына қиғаш келмейтін өзге де жұмыс жүргізеді. Тексеру одақтары субсидия алушылар болып табылады. Субсидия ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит өткізу шығынын жабу үшін төленеді.
Агроөнеркәсіп кешені мен елді мекендерді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ынталандыру үшін 2018-2019 жылдары мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит өткізуге ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтары шығынын субсидиялау жөнінде мемлекеттік қызмет алу тәртібі мен әдістері туралы мәлімет облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының интернет-ресурсында орналасқан.

Баян ИМАНТАЕВА,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар