Тағайындау

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің ағымдағы жылғы 16 мамырдағы өкімімен Гүлжанар Болатқызы Шөкеева облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Г.Шөкеева 1967 жылы Батыс Қазақстан облысында туған, екі жоғары білімі бар. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын химия-биология мұғалімі және Қазақстан-Ресей университетін саясаттану бакалавры мамандығы бойынша аяқтаған.
1990-2004 жылдары білім беру саласында жұмыс істеді.
2004-2015 жылдары әкімшілік-мемлекеттік лауазымдарда болды. 2004-2006 жылдары Алматы қалалық ішкі саясат Департаментінде бас маман, одан кейін бөлім басшысы қызметін атқарды. Ал, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді. 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне қарасты Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесшісі қызметін атқарды.
2010-2015 жылдары Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.
Аталған қызметке тағайындалғанға дейін кәсіпкерлікпен айналысты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар