Қабылдау

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әркімнің өтініш тілектерін мұқият тыңдап, заң аясында шешілетіндігін айтты.

Әкімнің қабылдауына келген Қазақ аграрлық университетінің 2-ші курс студенті облыс әкімінің атаулы стипендиясын алуға көмектесуді сұраса, «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі өздері тұрып жатқан мекеме ғимаратының апатты жағдайы жайында айтты. Ақмола облыстық филармониясының әншісі Валерия Болиева шығармашылық жобасын жүзеге асыруға ықпал етуін сұрап келіпті.
Өңір басшысы табиғи монополиялар субьектілері қызметінің тарифін құрудың ашықтығын қалыптастыруға және облысымызда экологиялық таза құрылыс материалдарын шығаруға қатысты ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өзінің атына келіп түскен әрбір шағым мен ұсыныс-пікірдің назарда ұсталып, оны қолданыстағы заң шеңберінде шешудің жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар