Әкім қабылдау өткізді

Бұланды ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қуандық Испергенов партия филиалының кеңсесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қабылдауға келгендердің өтініштері мен шағымдарына орай құзырлы органдардың басшылары түсінік берді. Аудан әкімінің қабылдауына жеті адам кірді. Олардың дені мемлекеттік тұрғын үй қорынан бас-пана беру, жеке үйлерге су тарту, ауыл аумағынан шөп шабу сияқты мәселелерді көтерді. Қабылдауға келген азаматтардың бәрінің арыз-шағымдарын мұқият тыңдаған аудан әкімі қолдан келгенше және заң шеңберінде көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Осы орайда, аудан басшысы құзырлы орган өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар