Оқырмандар көп болса деп…

Аудан орталығында «Кітапханашылардың инновациялық қызметі» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Семинарды «Орталық кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлнәр Дүйсембаева және мекеме әдіскері Динара Сәдуақасова ұйымдастырды.

Шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қауымы қатысты. Аудандық жасөспірімдер және балалар кітапханасының бастамасымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітапханашылар Гүлшат Тілеукенова, Ольга Попова, Күлғайша Өтепова жаңа кітаптарға  шолу жасады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының майдандағы жорығы мен қаламгерлік еңбектері қамтылған мазмұнды әңгіме болды. Сондай-ақ, «Әдептілік-әдемілік», «Кітап  оқырманды алға жетелейді» көрмелерінің  де айтары аз болған жоқ.
Еркіншілік кітапханасының меңгерушісі Галина Бейсенованың «Светлячок» қолөнер клубының жұмысын насихаттаған әңгімесі шеберлік сағаты үлгісінде өрбіді. Оқырмандардың табиғи материалдан, ермексаздан жасаған бай қолөнер бұйымдары, оюмен көмкерілген әсем кәдесыйлары  көздің жауын алды.
Кітап ошағының әрбір мақсатты қадамы күнделікті сабақтан тыс уақыттарында балалар мен жасөспірімдердің пайдалы іске бет бұруларына септігін тигізсе, нұр үстіне нұр.
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар