Парасатты полицейлер керек

Облыс полицейлері арасында «Парасатты полицей» байқауы ұйымдастырылды.

«Таныстыру» кезеңінде «Көкше сақшылары» тобының Абылай хан өмірін суреттеген сахналық қойылымы көрермендер мен әділқазылар алқасына ерекше әсер етті. Бейнебаян көрсетіп, өз қызметтері жайлы айтып берді.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңінде сайыскерлер өздерін әртіс, әнші ретінде таныта алды. Соңғы үшінші кезеңде қатысушылардан полицейдің күнделікті өмірінде орын алатын жағдайларды түсіндіріп беру талап етілді. Қазылар алқасы сайыскерлердің мемлекеттік тілді қолдану деңгейін де назарда ұстады.

Байқау қорытындысы бойынша ішкі істер департаментінің оқу-әдістемелік  орталығының «40-шы бекет» тобы  бірінші орынды иеленіп, диплом және компьютермен марапатталды. Атбасар және Бурабай аудандарының «Атбасар қырандары» мен «Бурабай» топтары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Оған қоса, «Ең жақсы капитан», «Ұйымшыл топ», «Шығармашыл топ» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталды.        
Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар