Аудандық мәдениет үйінде суретші Бектас Кәрімұлының жеке көрмесі өтті.
Көрмеге суреттер ғана емес, сондай-ақ жануарлар сүйегінен жасалған шаңырақ, сан алуан ою-өрнектерімен нақышталған бір топ туындылар қойылды. Бектас Кәрімұлы көптеген облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері. Қазіргі уақытта ауданның мәдениет үйінде көркемдеуші- суретші қызметін атқарады. Оның үстіне балаларды бейнелеу өнеріне баулып келеді.
– Өскелең ұрпаққа өз білгенімді үйрету арқылы ұлттық өнердің дамуы мен сақталуына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді суретші. Қылқалам иесіне шығармашылық табыс және дарынды шәкіттері көп болғай демекпіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.