Өзіміз де құрметтесек, өзгелер де сыйласа

«Delta Consulting Group 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ақкөл, Бұланды және Сандықтау аудандарында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Көшім Досмағанбет, Қазақстан Респуб-ликасы Мәдениет министрлігі тіл комитетінің талдау және сараптама департаментінің басшысы Гүлбадан Тәуелқызы, «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы орыс қауымы жастар қанатының төрайымы Ольга Нагаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин мен аудандардағы әртүрлі ұлт өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.     
Дөңгелек үстел барысында орыс тілді азаматтар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, ана тіліміз Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретінде, жас ұрпақ тәрбиесінде, ғылым-білім, жаңа технология саласында да маңызға ие екені айтылды. Алдағы уақытта осы шараның жалғасы ретінде Көкшетау және Степногорск қалаларында студент жастармен кездесулер өткізіледі деп жоспарлануда.
Рамида ЕЛТАЕВА,
облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар