Өнім көлемі арта түсті

Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда.

Ағымдағы жылдың алты айының өзінде сала өнімі 4422,7 миллион теңгеге жетті. Оның ішінде, мал шаруашылығы 1372,0 миллион теңге, егін шаруашылығы 3050,7 миллион теңгені құрады. Ауданда 46 ауыл шаруашылық құрылымы және 402 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылы аудандағы машина-трактор паркінің дайындығы мен диқандарға қолайлы жағдайдың жасалуы  жарқайыңдықтарды облыс бойынша астық жинаудың үздігі ретінде танытты.
Қоңыр күзде аудан диқандары 540032 гектар алқаптың астығын ысырапсыз жинап алды. Өнімділік әр гектарынан 11 центнерден айналды. Жалпы аудан бойынша 600 040 тонна астық жиналды. Оның ішінде, бидайдан бөлек 10163 гектардан майлы дақылдар, 195 гектардан картоп, 132 гектардан көкөніс алынды. Сонымен қатар, келер жылға 52,9 мың тонна 1,2 сортты  асыл тұқымды күздік дәнді дақыл егілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар