Қазандық тозып тұр

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінің жылу орталығының жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда Станционный кентіндегі үйлерді жылумен қамтамасыз етіп отырған бу қазандықтарының қолдану мерзімі өтіп, әбден тозғандықтан, ауыстыруды қажет етеді. Әсіресе, осы күні жұмыс істеп тұрған мұндағы үш бу қазандығы ескі кірпіштен қаланған. Пешке салынған көмір толығымен жанбай  біраз рәсуә болып жатады. Ал, бұл өз кезегінде пештің күлін арбамен тасып төгетін от жағушылар үшін өте ауыр соғып отырған жайы бар.

Кент әкімінің сөзіне қарағанда, елді мекендегі тұрғын үйлердің 84 пайызы осы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көрінеді. Сондай-ақ, осындағы жылу торабының жартысынан астамы да ескірген. Сондықтан, кезек күттірмес бұл жұмыстар қазірден бастап қолға алынуы тиіс.
– Алдағы жылы кентті жылумен қамтамасыз етіп отырған бу қазандықтары мен су сорғыштардың барлығын біртіндеп жаңарту жоспарланған. Осылайша ескілері жаңа технология бойынша жасалынған бу қазандықтарына алмастырылатын болады. Қазірдің өзінде осындай жаңа екі бу қазандығы сатып алынды. Бұл қазандықтар бұрынғысынан гөрі ұзақ мерзім қызмет етсе, бір жағынан көмірді үнемдеуге көмектеседі,  – дейді  кент әкімі Есей Байдалин.
Бүгінге дейін елімізде қолға алынған табиғи монополия субъектілерін, оның ішінде жылу желісі мен жылу көздерін жаңғырту инвестициялық бағдарламасы аясында Көкшетау қаласындағы 1, 92 шақырым жылу магистралін және 2,854 шақырым аулаішілік желі ауыстырылды. Ендігі жылы осы мақсатта республикалық бюджеттен 400 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар