Топырақ Мәдинеден бұйырды

Биыл Құрбан айтының алдында Аллаға құлшылық ету үшін Қазақ-станнан бес мың адам Меккеге аттанған еді.

Осы отандастарымыздың ішінен екі кісі өздерінің қажылық сапарлары барысында қайтыс болғандары туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  баспасөз қызметінің хабарынан белгілі болды. Марқұмдардың бірін жолаушылар тасымалдайтын автобус соғып, мерт болса, екіншісі жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұмған  көрінеді.

Жаратушы Алла бұл фәни дүниеге өзі әкеледі, бақилыққа да өзі алады. Әр пенденің бір арманы – қажылық болса, қасиетті жерде шәһит атану да  Алланың қалауымен болған тағдырдың ісі екендігі даусыз.  Өкінішке орай, қажылықта қайтыс болып, туған жерге қайтып дәм жазбаған  осы екі адамның бірі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілдігінің ақпаратына қарағанда,  көкшетаулық Құрманғали Жұмағалиев болып отыр.
 Мұсылмандықтың бес парызының бірін атқарамын деп ниет еткен марқұм жерлесіміз көп жылдардан бері осы сапарға өз зейнетақысын жинап, ақыры, биыл ұзақ жолға шығып еді. Өткен жылдары тірнектеп жинаған қаражаты қажылыққа баруға жетпей, тағы бір сәтті күнін тосуға тура келсе де, мойымай, мешітте сол ақшаға уағыз кітаптарын шығарысуға үлес қосқан болатын.
Енді міне, абзал жан барлық қажылық парызын өтеп, Мәдина қаласында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның басына зиярат етіп, мейманханаға келгенде жаны жай тапты. Оның денесі сахабалар жерленген «Жәннатул бақи» қабіріне қойылды. Біз де қасиетті қажылықта о дүниелік болған ақсақалымыз үшін көңіліміз құлазып, лайым жаны жұмақта, иманы жолдас болсын дегіміз келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар