Мектеп салынуда

Аудан орталығында жаңа 200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.

Ол Ерейментау қаласының Заготзерно шағын ауданында қолға алынған.  Бұл үшін бюджеттен  364 миллион  994 мың теңге қаржы бөлінген.  Құрылыс жұмыстарын «АлАнСтройКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Қазіргі кезде аталған ғимараттың қабырғасы тұрғызылып, төбесі тас плиталармен жабылуда. Сонымен қатар, бірінші қабатында пластикалық терезелер орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
– Құрылыс жұмыстары кестеге сай. Алдағы желтоқсан айында білім ордасын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – дейді аудан басшылары.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар