Сый-құрмет көрді

Қазақстан полициясының іргелі құрылымдарының бірі – әкімшілік полицияның құрылғанына 95  жыл толуы ауданда  жан-жақты аталып өтті.

Осы айтулы күнге арналған мерекелік шарада аудан әкімі Жомарт Нұркенов құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға лайықты үлес қосып жүрген жандардың атына жылы лебіз білдірді. Қазіргідей қылмыстың бел алып тұрған кезінде қарапайым адамдардың құқын қорғау жолында тер төгіп жүрген ауданның тәртіп сақшылары өздерінің міндеттерін адал атқаруда. Сондықтан, осы жолы бір топ таңдаулы полицейлерге тиісті сый-сияпат жасалды. Атап айтқанда, аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полициясының инспекторы Г.Нұрмыханов, учаскелік инспекторлар Н.Сағынаев, А.Өтепов, Е.Исенов және қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы М.Дудкиндер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен бірге, Қазақстанның Халықаралық полицейлер қауымдастығының президенті, полиция полковнигі М.Нұрғалиев аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары А.Ибраевқа және әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Д.Бондаренкоға «Әкімшілік полициясына 95 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Өз әріптестерін аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Б.Әділханов құттықтап, шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар