Мерейтойы өтеді

Ауданда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің туғанына 100 жыл толуына дайындық шаралары қолға алынуда.

Жуырда халқымыздың біртуар перзентінің ұлы Саян Тәшенев Аршалыда болып, атқарылып жатқан осы жұмыстарға оң баға берді. Ол әкесінің мерейтойы қарсаңында аудан орталығында орнатылатын болашақ ескерткішінің жобасымен танысты.
Жұмабек Тәшеневтің 100 жылдығына орай, ауданда бұдан басқа да бірқатар іс-шаралар көзделген. Мәселен, Аршалы қазақ орта мектебіне кезінде Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосылудан аман алып қалған көрнекті қайраткердің есімін беру жоспарлануда. Осы жолы Саян Тәшенев №3 Аршалы орта мектебінде де болып, мектеп мұражайына қойылатын жәдігерлермен танысып, ескерткіш-бюстің орнын белгіледі. Ұжым мүшелерімен кездесуде әкесінен қалған кейбір мұрағаттарды мектеп мұражайына тапсыруға уәде берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар