Кең пейіл танытты

Өткен Құрбан айтында  аудан бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға 2 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Волгодоновский ауылдық округінде «Қойгелді-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   құрбандыққа екі қара мал шалып, етін Астана қаласындағы балалар үйіне берсе,  42-ші разъезд тұрғыны Н.Аяғанов, «Мұсатаев» шаруа қожалығы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік түрінде қолғабыс жасады. Ал, «Норд диалог» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Бектеміров Қойгелді ауылының әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына ірі қара малдың етін таратып берді. Сондай-ақ, Бұлақсай ауылдық округіндегі  «Нововладимировка» кәсіпорны мүгедектер үйіне  азық-түлік  таратты. Мұндай қайырымдылық істерге аудандық әкімдік пен прокуратура, «Байсын А.» серіктестігі, «Арай» шаруа қожалығы және Астана қаласының  бір топ кәсіпкерлері де атсалысты.
Жалпы, ауданда қайырымдылыққа ден қоймаған шаруашылық жоқ десе де болады. Мысалы, «Ижевский» өндірістік кооперативі 22 зейнеткерге 55 мың теңгенің азық-түлігін үлестірсе, мұндай ізгі шаралар Михайловский, Түрген, Бірсуат, Ақбұлақ ауылдық округтерінде де жалғасын тапты. Ал, «Шұғыла» қоғамдық қоры тарапынан әлеуметтік маңызы жоғары «Береке» бағдарламасы шеңберінде 95 аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері табыс етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар