Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қулыкөлде Қуаттай ақын өткен - АРҚА АЖАРЫ

Қулыкөлде Қуаттай ақын өткен

1991 жылы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде журналист Ілияс Қарағозиннің сілетілік ақын Қуат Арабданұлы туралы мақаласы жарияланған болатын.

Осы ағамыздың мақаласының негізінде өз заманында Арқа, Ереймен, Сілеті өңірлеріне ақындығымен танымал болған Қуат атамыздың (1802–1894ж.ж.) өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеу әрі қарай да жалғасын тапты.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бұған    бұрынғы Көкшетау облысы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл (Чапай) ауылының тұрғыны Ерден Бөлегенов ағамыз бірден-бір себепкер болды. Ақынның шығармашылығының тұтастай зерттелуіне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ә.Ә.Дәуітбекұлы елеулі еңбек сіңіріп, ол кісінің жетекшілігімен бірнеше ғылыми мақалалар жарияланды.
Сұлу өзен, сылдыр аққан Сілетім,
Жібек талдан көмкерілген келбетің.
Ерлер туып аңғарыңда, ел болып,
Сен соларды сәбиіңдей тербеттің, –
деп ақын Әнуарбек Мұратұлы жырлағандай, өз заманының айтулы сөз шебері  Қуат Арабданұлының туған жері де жоғарыда айтқан Қулыкөл ауылы. Жуырда ауыл ақсақалдары Балташ Әшімұлы мен Қапыш Шылтынайұлының  көмегімен  ақынның жерленген бейіті табылып, ұрпақтары мен жанашырлары басына ескерткіш белгі тас қойды.
Қуанышбек ШӘРІПОВ,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық
университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар