Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәжірибе алмасып кетті - АРҚА АЖАРЫ

Тәжірибе алмасып кетті

Облысымызға денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу мақсатымен бауырлас өзбек елінен арнайы делегация келіп кетті.

Құрамында Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ішкі экономикалық жұмыс басқармасының басшысы Абдунумон Сидиков, осы министрліктің бас фтизиат-ры Наргиза Парпиева мен бірқатар дәрігер мамандар бар делегация туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселелеріне назар аударды. Меймандар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Тәшметовпен және облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Айман Темірхановамен кездесіп, диспансердің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу болып өтті. Түзету орындарында туберкулезбен ауырып, жазасын өтеп шыққандарға көмек көрсететін «Луч надежды» қоғамдық қорының жұмысы туралы заңгер Марина Жучкова баяндап берді. Ол өз сөзінде биыл 11 жыл жұмыс істеп отырған қор мен облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде бірқатар мәселелердің шешілгенін тілге тиек етті.  Ташкенттен келген меймандар Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы күрес ауруханасында да болып, облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарға оң баға беріп аттанды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар