Арқаның ауыр күзі

егін орағын аяқтап шығуға мұрша бермеуде

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде егін орағын аяқтау және келесі жылдың егісіне сапалы тұқым құйып алу мәселелері қаралды.

Аппарат кеңесіне қатысушылар алдымен мезгілсіз қайтыс болған Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиевті бір минуттік үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін Ақмола облысының Астана қаласында өткен азық-түлік жәрмеңкесінің жоғары деңгейде  ұйымдастырылғаны айтылып, аудан және қала әкімдеріне, басқармалар мен ведомство басшыларына алғыс білдірілді. Бұл  жәрмеңке жөнінде жиналғандарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров хабардар етті.
Бұдан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов  егін орағын аяқтау міндеттері туралы хабарлама жасады.
– Егіс алқаптарының 98 пайызы жиналып алынды.  Дегенмен, әлі де 150 мың гектар алқаптың егіні қалды. Орақ жұмыстары әсіресе, Сандықтау, Зеренді, Бурабай және Целиноград аудандарында аяқталмай отыр.  Ауа райы қолайлы болса, 3-4 жұмыс күні ішінде  астықты толығымен жинап алуымызға мүмкіндік бар, – деді ол өз сөзінде.
Осы ретте, облыс басшысы ауа райының жылы қабақ танытқанын тосып отырмай, жұмысы ақсап тұрған аудандарға көмек қолын созып, осы аптаның ішінде науқанды толықтай аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, аппарат кеңесінде  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы облыстық өкілдігіне тиесілі  қарызды қайтару мәселесі де айтылды.
Кеңесте облыс әкімі Сергей Кулагин «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқармасының жұмысын орынды сынға алды. Өңір басшысы бұл орайда, көп нәрсеге көңілі толмайтындығын жасырмады және қол астындағы басшылардан жұмысты жақсартуды, ол үшін алдымен жауапкершілікті күшейтуді талап етті. Оның өзіндік себептері де бар. Мәселен, аталған  акционерлік қоғамның басқарма басшысы міндетін атқарушы Казимир Молдабековтың жасаған хабарламасынан-ақ көптеген сауалдар туындады. Кеңесте арнайы жұмыс тобы құрылып, басқарма  жұмысына тексеріс жүргізілетін болды. Облыс әкімі жыл соңында қаралған  мәселелер бойынша  қатаң сұраныс болатындығын қадап айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар