«Оқжетпес», жарайсың!

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол командасы кезекті турда сырт алаңда Оңтүстік Қазақстан облысының «Мақтарал» командасын 2:0 есебімен ұтып, соңғы турдың нәтижесіне қарамастан, премьер-лигаға жолдама алды.

Бұл – ақмолалық жанкүйерлердің көптен күткен қуанышы еді. Сол жеңісті күнге де жеттік. Тек ендігі тілегіміз, аты зор командамыз келесі жылы жоғары топта да жақсы ойын өрнегін көрсетіп, бұрнағы жылдардағы «әттеген-айларымен»  сан соқтырмаса екен. Қалай дегенде де, бұл жолдамаға оңай қол жеткізіп отырмаған жерлестеріміз жауапкершілікті барынша сезініп, өздеріне бұрын да сыралғы топта жаңаша серпін танытады деген сенімдеміз. 
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар