Ұлағатты ұстаз еді

Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылында КСРО және Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Қабден Шәмшікенов есімін еске түсіруге арналған үстел теннисі жарысы өтті.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге мектеп ұжымдары қатысты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ауыл мектебінің өркендеуіне зор үлес қосқан, ұзақ жылдар мектеп ұжымын басқарған абзал азамат жайлы марқұмның жары КСРО халық ағарту ісінің үздігі Алтын Рахымбекқызы егжей-тегжейлі баяндап, жарысқа қатысуға келген командаларға, ауыл азаматтарына алғысын айтты.
Күні бойы тартысты өткен жарыс нәтижесінде мұғалімдер арасындағы бәсекеде Кеңбидайық орта мектебінің ұстаздары Темірбек Сыздықов пен Болат Матаев бірінші-екінші орынды бөлісті. Жүлделі үшінші орынға аудан орталығындағы Дружба орта мектебінің ұстазы Амангелді Мусин ие болды. Оқушы қыздар арасында Кеңбидайық орта мектебінен Фарида Дәменова үздік шықса, екінші орынды Гүлшат Жұмабай, ал, үшінші жүлдеге Сабынды орта мектебінің оқушысы Айжан Смағұлова қол созды. Ұлдар са-йысында Есболат Ақанов топ жарса, Руслан Темірлан мен Уәлихан Жақыпов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал командалық есепте Кеңбидайық орта мектебі бірінші, Өркендеу орта мектебі екінші, Дружба орта мектебі үшінші орындардан көрінді.
Дәстүрлі жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегер-леріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мектеп директоры  Раиса Матаева ұлағатты ұстазды ұлықтауға арналған жарыстың салауатты өмір салтын насихаттауға, аудан мектептері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосып отырғанын атап өтіп, осы шараны дәстүрге айналдырып отырған Шәмшікеновтер әулетіне алғысын айтты.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар