Арыз-шағымдарын айта келді

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында  облыс прокуроры Мұратбек Исадилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген Валентин  Прожеперский жұмыста болған өрт салдарынан қаза тапқан ұлының оқиғасына қатысты қылмыстық істің заңсыз жабылғандығына наразы.  Сол жерде  өңірдің бас прокуроры аталған құрылымға қарасты басқарма басшысына осы өтініш бойынша нақты тапсырма берді. Бұл істі қазір Көкшетау қалалық прокуратурасы зерттеп  жатқан көрінеді. Ал, Бақыт Раисов болса, құрылыста екі жарым ай жұмыс істегенімен, жалақысын ала алмай жүр. Оның қызметтестерінің де басында осындай жағдай. Облыс прокуроры  жұмысқа тұрмастан бұрын ең алдымен, еңбек шартына отыру, содан кейін барып қызметке кірісу қажеттігін ескертті. Дегенмен, аталған факті бойынша тиісті тексерістің жүргізілетіндігін мәлімдеді.
Облыс орталығының тұрғыны Күлпаран Құранбаева болса, тоқсаныншы жылдардағы қайта құру кезеңінде күйеуі сатып алған бұрынғы фарфор зауытының ғимаратын өзгелердің заңсыз иеленіп алғанына налиды. Шағымданушының жұбайы нысанды аукционда жеңіп алған адамнан қайта сатып алған екен.  Бірақ, ол саудаға түспестен бұрын зауытқа басшылық жасаған қожайын жалған құжаттар әзірлеп,  цехтарға жайғасып алыпты. Бір қызығы, жөнсіз құжаттардың болуына  сол кездегі  прокурордың заңсыз нұсқауы да әсер еткен көрінеді. Бұл әйел ғимаратты иеленіп алғаны былай тұрсын, иесін шаш-етектен шығынға батырған  тараптан заңды мүлкін  қайтарып алғысы келеді.  Прокурор істі зерттеп, оның оң шешілуіне жәрдемдесетінін айтты.
Қабылдауға қала тұрғыны Виктор Иванов  өзінің кәсіпкерлік құқығын шектеді деп шағымдана келіпті.  Ол көлік жөндеу орталығының жұмысының жолға қойылуына  жергілікті атқарушы органдар кедергі болып отыр деген пікір айтты. Ал, Игорь Ткаченко өзін ұрып-соғып, пәтерін сот шешімімен заңсыз иеленіп кеткен азаматтардың әрекеттеріне  шағымданды.  Анасы екеуі баспанасыз  қалған Игорь жеке бас мүлкінің заңды иесі екендігін дәлелдеп шыққысы келеді.
Прокурордан жөн сұрай келген Дариға Рысжанова  ұлын жетінші сыныпта болған төбелес үшін арнайы есепке қойғанын енді ғана білгенін айтады.  Мектепте ара-тұра болып тұратын сыныптастар арасындағы жаға жыртыстан осындай  жағдай орын алғанын ол ұлы ішкі істер органдарына қызметке орналасарда ғана біліпті.  Аталған тұлғаға қатысты кешенді тексеріс жүргізген кадр бөлімі оның тентектігінің базада тіркеліп қалғанын растайтын анықтамаға сүйеніп,  қызметке қабылдамаса керек.  Ұлы Асылбектің өзі әскерге барып келіпті. Енді күзетші болып та жұмысқа тұра алмай жүр.  
Басқаларға қарағанда, Эсет Бекованың  халі тіпті мүшкіл. Ол жетпістен асып, жүрек талмасы ұстап қалған анасының халін оған ота жасаған  Жақсы аудандық ауруханасының  дәрігерлері одан сайын нашарлатып жіберді деп ашынады.  Екі аяғын  тең баса  алмай, ас ішуден қалған  анасына отаның дұрыс жасалмағанын облыс орталығының дәрігерлері анықтайды. Енді Эсет өз ісіне жүрдім-бардым қарап, адам өмірін қорғауға селсоқтық танытқан  жандардың қызметтен қуылып,  материалдық өтем төлегендерін қалайды. Облыс прокуроры бұл жөнінде де аталған жағдай бо-йынша білікті мамандардың қатысуымен арнайы тексерістің жүргізілетіндігін айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар