Жер жөнінен жүгінді

Аудан әкімінің орынбасары Абзал Кәкімов Қоянды ауылдық округінде азаматтарды жер мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

Бұл жолғы қабылдауға осы салаға қатысты өзге басшылар  да қатысты. Жалпы бұл күні қабылдауда болған округтің 27-і тұрғыны жер мәселесіне қатысты толғандырып жүрген сауалдарын алға тартты. Қабылдауға келгендерге қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер мен ақыл-кеңестер беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Осы орайда, өз еріктерімен басып алған жер телімдері мен заңсыз салынған құрылыстар жария етілмейтіні және  заңдастырылмайтыны хабардар етілді. 2012 жылы «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған 1,5 гектар жер телімдерін жалға беру құқы бүгінгі күні сот шешімімен заңсыз деп танылып отыр.
Мәселен, Қоянды селосында орналасқан мешіт, бала бақша және мектеп маңы мен 4-ші шағын аудандағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінде тұрғын үй салуға рұқсат етілмейді. Осы мақсатта ағымдағы жылы аудандық жер комиссиясымен тұрғын үй салу үшін жер телімін сұрап келген 16 азаматтың өтінішінен бас тартылды. Ал, 2004 жылы оралмандар қоныстанған 96,0 гектар жер телімі қазіргі кезде босатылып, онда рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиым салынып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар