Жүлделі екінші орыннан көрінді

Жуырда Астана қаласында өткізілген республикалық «Тіл мерейі» байқауында жерлесіміз Айгүл Рысқұлованың мерейі үстем болды.

Байқауға  Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан үміткерлер қатысты. Бұл жолы Ақмола облысының намысын  Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айгүл Рысқұлова қорғады. Мемлекеттік тілдің оқытушылары арасында өткен бұл байқау төрт кезеңнен тұрды. Оған қатысушылар өздерін таныстырудан, сабақ өткізіп, жұмыстарының нәтижесін көрсетуден  сынға түсті. Осы ретте, Айгүлдің жинақтаған сабақ топтамасы, шығарған дискісі, бейнероликтері қазылар алқасының көңілінен шыққанын айта кету керек. Сайыс қорытындысы бойынша ол жүлделі екінші орынға қол жеткізіп, 130 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа және дипломға ие болды. Осылайша республикалық байқауда абырой биігінен көріне білген әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық жаңа табыстар тілейміз.

Венера ҒАБДУЛЛИНА,
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар