Жаңа міндеттер белгіленді

«Достар» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының ХVІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына партияның орталық аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаментінің инспекторы Нәжен Сәрсембеков, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты.

Делегаттар алдымен, кенеттен қайтыс болған  Көкшетау қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Жомарт Нұрғалиевтің облыс орталығына басшылық жасаған аз мерзім ішіндегі елеулі  еңбегін атап өтіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тасболат Кәкпенов филиалдың 2013-2014 жылдары атқарған жұмысы туралы есеп берді. Бүгінде қалалық филиалдағы нұротандықтар саны төрт мыңнан асады. Олар 44 бастауыш партия ұйымына біріккен. Осылардың ішінен «Рухани орда», «Бақылау», «КамАЗ-Инжиниринг»  ұйымдарының жұмысын өзгелерге үлгі етуге болады. Аталған партиялық ұйымдардың басым көпшілігіне облыстық ведомстволардың басшылары жетекшілік етеді. Жарна жинау мәселесі жолға қойылып отыр. Қалалық мәслихат депутаттарының барлығы да нұротандықтар екенін айтып өткен ләзім. Партия филиалын-да облыстық департаменттер мен басқармалар, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша ұдайы қабылдап тұрады. Есепті кезеңде бір мыңнан астам адамның мүшелікке өтуі  партияға деген халық сенімінің артқандығын айғақтайды. 
Осындай жемісті жұмыстың атқарылып жатқанын қатардағы нұротандықтар да растап отыр. Конференцияда сөз алған Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Қазына Шаяхметова жас буынға тәлім беруде  партиялық доктринадағы білім саласына қатысты айтылған  басымдықтарды назарда ұстайтынын айтты. Ал, «Көкшетау Жылу» кәсіпорнындағы қауіпсіздік және күзет қызметінің басшысы  Владимир Громов  құрылғанына небәрі төрт ай ғана болса да, мұндағы бас-тауыш партия ұйымының белсенді жұмыс жасап отырғанын, алдағы уақытта қазіргі он бес мүшесінің қатарын кем дегенде елуге жеткізуді көздейтіндіктерін мәлімдеді. Осы орайда, «Тыныс» акционерлік қоғамындағы сынақ орталығының  басшысы Данияр Тәшенов  өндіріс ошағындағы партиялық ұйым мүшелерінің саны 140-тан асатынын, олардың
Елбасы мен партияның саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып келе жатқандықтарын мақтанышпен хабарлады. Есеп беру-сайлау конференциясында Саяси кеңес мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы  Жолдасбек Балғабаев та әр саладағы партиялық бақылаудың жайы мен оның мақсатын, жұмыс нәтижесін баяндап өтті.
Дегенмен, бәрі жақсы деп тоқмейілсуге әсте болмайды. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қалалық филиалдың жұмысына қарап, облыстық  филиалға баға берілетінін, сондықтан да, оның  жұмысы жоғары деңгейде болуы тиіс екенін алға тартты. Саяси додада халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болып, Президенттің өзі басшылық жасап отырған, 15 жылдық тарихы бар партия шын мәнінде халықтық институтқа айналуы керек.  Парламент, Үкімет пен министрліктердің басшылық құрамында да нұротандықтардың басым болуы партиялықтарға үлкен жауапкершілік артады. Сондықтан, қалалық партия филиалының да нақты жұмысқа көшкені абзал. Мәселен, жергілікті мәслихат құрамының толығымен нұротандықтар екені бюджетті қарау кезінде доктринада айтылған негізгі басымдықтарға  назар аударуға мүмкіндік береді. Облыс орталығында балдырғандарды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жағы жоспарлы көрсеткіштен қалып келеді. Бұлай кете берсе, басты партиялық құжатта көрсетілген мақсатты көрсеткішке өз мерзімінде жету жағы екіталай.
Сондықтан да, халық қалау-лыларының осындай кезек күттірмес әлеуметтік мәселелерге баса назар аударғаны жөн. Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бұдан әрі өңірде сыбайлас жемқорлық фактілерінің азайып келе жатқанын атап өтті. Енді партия аталған кеселдің салдарымен емес, оның туу себептерімен күресті қолға алуға тиісті. Сондай-ақ, облыс орталығы үшін партияның төрт мың мүшесінің көптік етпейтініне, сондықтан да, қаладағы нұротандық атануға ниеттілерді партия қатарына қабылдау қажеттігіне назар аударылды. Әрине, жиында  партиялық тәртіп те айтылмай қалған жоқ. Жарналардың уақытылы тапсырылмау себептерін зерттеп, осы істі мықтап қолға алар кез де жеткен сияқты. Конференция-да «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының  Саяси кеңес мүшелері сайланып,  облыстық партия филиалының ХХ конференциясына  қатысатын кандидаттар тізімі белгілі болды. Есеп беру-сайлау конференция-сынан кейін қалалық филиал Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар