Жолдама бір жылдық болмасын

футболдан премьер-лигага шыққан жерлестерімізге осындай тілегіміз бар

Өткен сенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин футболдан бірінші топтағы ел біріншілігінде жеңімпаз атанған «Оқжетпес» футбол клубын марапаттау салтанатына қатысып, сенімді ақтаған жерлестерімізге келесі жылы премьер-лигада сәтті өнер көрсетулеріне тілектестігін білдірді және біріншіліктің соңғы ойынын тамашалап, командаға жанкүйер болды.

Осынау қуанышты сәтті жергілікті футбол жанкүйерлері екі жыл бойы күткен еді. Олар алаңға шыққан өздерінің сүйікті командасын қошеметпен қарсы алды. Облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, команданың бас бапкері Андрей Ферапонтовті, команда капитаны Әлібек Бөлешев пен қақпашы Ярослав Багинскийге біріншіліктің алтын медальдарын тапсырды. Қалған футболшылар бұл лайықты марапатты Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Аллен Шайжүнісов, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен клуб директоры Юрий Бондаренконың қолынан алды.
Бұдан кейін облыс басшысы «Оқжетпес» пен Ақтау қаласының «Каспий» футбол командалары арасында болған ойынды тамашалады. Матчтың 23 минутында біздің
ойыншы Никита Хохлов есеп ашты. Қарсыластар да қарап жатпады. Тез арада шабуылға көшіп, бір қарбалас сәтте есепті теңестіре алды. Ойынның екінші бөлігінде Әлібек Бөлешов, Виктор Крюков пен Антон Куксин көзге түсіп, есепті 4:1-ге жеткізді. Біріншіліктің соңғы турында да оқжетпестіктер тамаша жеңісімен жанкүйер қауымды қуанта алды.

Суретті түсірген  Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар