Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!  Бұл мерекенің біздің аграрлық облысымыз үшін маңызы айрықша. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін мыңдаған ақмолалықтар ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттағы саласын дамытуға сүбелі үлес қосуда.

Облыста мал шаруашылығында, ауылдық аумақтарды дамытуда оң серпін байқалады. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі жақсарып, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, саланы модернизациялау қолға алынып отыр. Аграрлық кешеннің болашағы бәсекелестікке қабілеттіліктің артуымен, халықаралық аграрлық нарықтың толыққанды мүшесі болумен тығыз байланыс-ты. Осының бәрі болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында алға қойылған ұлан-ғайыр міндеттерді біздің облыстың ауыл еңбеккерлері ойдағыдай орындайтындығына сенім мол.
Облыс агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін толымды тартулармен қарсы алып отыр. Біздің аграршылардың қажырлы еңбегінің арқасында 4,8 миллион тонна астық жинауға және әр гектардан орта есеппен 12 центнерден өнім алуға қол жеткізілді. Сіздермен ауылдағы әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді кешенді түрде шешу жолында бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Мемлекеттің қолдауымен және бизнестің қатысуымен аграрлық сектордың қуаты арта түсетіндігі, сөйтіп, ауыл өмірі жақсаратындығы даусыз.
 Құрметті ауыл еңбеккерлері, сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, қажырлы істеріңізге жаңа тың табыстар тілеймін!

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің  Ұлттық валюта-Теңге күнімен құттықтауы

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылдың 15 қарашасында Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта – теңге қаржы айналымына енгізілді. Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бұл Қазақстанның  дербес даму жолына түскенін айғақтаған іс еді.
   Аз ғана мерзім ішінде өзіміздің қаржы жүйеміз құрылды. Теңгені енгізу жөніндегі шешім ТМД елдерін қамтыған дағдарыстың ауыр жағдайында қабылданды. Жағдай нақты бағыттар мен дағдарыстан шығатын жол  табуға мүмкіндік беретін экономикалық реформаның нақтылы стратегиясын белгілеп, саяси тұрғыдан ерік-жігер танытуды талап етті. Елімізде қысқа мерзім ішінде негізін банктік жүйе құрайтын қаржы саласы қайтадан құрылды. Байыпты жүргізілген реформаның нәтижесінде төл теңгемізге деген сенімділік арта түсті және ол бұрынғысынша тұрақты валюта ретінде ұсталып отыр деп айта аламыз.
  Алда тұрған міндеттерді шешуге облыстағы қаржы органдары өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Қаржы саласында негізінен тәжірибелі, өз ісіне берілген біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Осының арқасында өңірдің экономикасы қарқынды дамып келеді.
   Қаржы саласының қызметкерлерін Ұлттық валюта -Теңге  күні мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Ел игілігі жолында жаңа  жетістіктерге жете беріңіздер.

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Ақмола облыстық мәслихаты мен депутаттар атынан Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Өңір аграршылары үшін  биылғы ауыл шаруашылығы науқандары жеңіл болған жоқ. Алайда, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдардан тәуір өнім алынды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға байланысты Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндеттерді орындауда жоғары үдеден шыға алатындарыңызға сенім мол.
Облыс аграрлары Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдады. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін алдағы уақытта да  қолдай беретін  болады. Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу де күн тәртібінде тұр.
Құрметті ауыл еңбеккерлері мен агросервистік, астық дайындау және егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының қызметкерлері! Сіздердің  қажырлы еңбектеріңіз, білім-біліктеріңіз бен мол тәжірибелеріңізге ризашылығымды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбекте жаңа табыс тілеймін. Әрдайым маңдай терлеріңіздің  ырыздығын көре беріңіздер.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Құрметті ақмолалықтар!
Ақмола облыстық мәслихаты мен депутаттары атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы -Теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде мемлекеттік қаржы саясаты отандық экономиканы дамытудың  теңдессіз құралына айналды. Ол бізге түйткілді деген әлеуметтік және саяси мәселелерді оңтайлы шешіп, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түсуге мүмкіндік беруде.
Сондықтан да, қаржы жүйесі қызметкерлерінің бас-
ты міндеті еліміз қол жеткізген табыстарды молайту, күрделі деген мәселелерді шешіп, экономикалық өсімді және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде осы ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану болып табылады.
Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында қаржы қызметінің беделі арта түсетіндігіне сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында қолға алған істеріңіз бен жоспарларыңыз ойдағыдай орындала берсін деймін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар