Дәрігерлердің сенімі

Көкшетау қалалық  №1 ауруханасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған кезекті Жолдауы қызу талқыланып, зор қолдауға ие болды.

Жолдауды талқылауға ұжым мүшелері қатысып, отырысты аурухананың  бас дәрігері Серік Кәкпенов ашып, жүргізіп отырды. Ол  маңызды тарихи құжатта аталған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік салалар мен сыртқы нарықтағы жағдай, экономикалық өсім мен халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнес, банк секторы, жаңа инвести-цияларды тарту, ЭКСПО, көлік, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақсартуға қатысты өз ойларын алға тартты. 

Апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту барысында ендігі жерде балалардың саналы тәрбие, сапалы білім  алатынын зор қуанышпен атап өтті. Әлеуметтік жалдамалы баспана мәселесіне де тоқталды. Өзінің әріптестері арасында ол алдағы уақытта баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен алуға мүмкіндік жасалатынын қуанышпен жеткізді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қолжетімді ете түсетінін тағы бір мәрте еске салды. Өйткені, бүгінгі таңда аталмыш аурухана қызметкерлері арасында да баспана мәселесі өте өзекті болып отырғанын Серік Кәкпенов жасырмады. Сондықтан, Жолдау барысында аталған мәселелердің жүзеге асуы үшін ел игілігі жолында әріптестерімен бірге нұрлы болашаққа нық сеніммен аяқ басатындарын жеткізді. Президенттің сарабдал саясатын бір ауыздан қолдайтындарын және  ұлт денсаулығын жақсарту жолында сүбелі үлес қосу қызметтік әрі азаматтық парыздары екенін жеткізді.
Жолдауды талқылау барысында бас дәрігердің орынбасары Сергей Зиборов пен бөлімше меңгерушілері Сәкен Тұрсынбай мен Михаил Деминдер сөз алып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі еңбегі зор екенін жеткізді. Дәрігерлер әр сала бойынша бөлінген қаржы ертеңгі күні ел дамуына тың серпін беретінін
атап өтті.
Жолдау ұжым тарапынан бірауыздан қызу қолдау тауып, нақты іс-қимыл бағдарламасына айналатынын айқын аңғартты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар