Әлі де бет бұратын емеспіз

Орман – ел дәулеті ғана емес, сәулеті де. Табиғат сыйлаған осынау байлықты көздің қарашығындай сақтау, оған аялы көзқарас таныту баршамыздың міндетіміз.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Біздің инспекция тарапынан биылғы жылдың өзінде облыс аумағындағы 13 орман шаруашылығы, 3 мемлекеттік ұлттық табиғат паркі, тағы басқа да орман қорын қорғайтын мемлекеттік мекемелердің жұмысына тексеріс жүргізілді.
Облыс бойынша орман алқаптарында әкімшілік құқық бұзғаны үшін ондаған лауазымды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, 54 құқық бұзушылық хаттама толтырылды, соның ішінде 54 адамға 940816 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Облыс орталығы Көкшетау қаласының айналасында өсіп тұрған орман алқаптары «Бұқпа» коммуналдық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қарауына жатады. Әйтсе де, орман алқаптарының ішкі санитарлық тазалығы нашар болып тұр. Қала тұрғындары орман ішіне дем алуға барғанда, тазалықты сақтамайды, дем алған орындарында қоқыстарды, тағам қалдықтарын қалдырып кетеді. Жаз бойы аталған орман шаруашылығы қызметкерлерінің өз күштерімен және студент, оқушы жастардың көмегімен қала айналасындағы орман алқаптарын бірнеше рет осы қоқыстардан тазартуға тура келді. Газет беттерінде және басқа да жолдармен осы бағытта қаншама үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсе де нәтиже шамалы болып тұр. Осы орайда, орманды сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз екендігін ұмытпайықшы.

Назымбек ҚАБЫЛОВ,
облыстық орман және аңшылық аумақтық
инспекциясының мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар