Өз ісіне адал жан

Ұстаз!.. Бұл сөздің астарында қаншама мән-мағына, терең сыр, үлкен жауапкершілік, адамгершілік, қадір-қасиет жатыр десеңізші!

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Міне, осындай қиын да құрметті мамандық иесі – Көкшетау қаласындағы №18 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Орынжан Жүсіпқызы Мұстафина. Ол өз ісіне шын берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, арманына қанат бітірсем деп жүретін ұстаздардың бірі.
Әрбір сабақ шәкірттері үшін құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, мұғалім – сол бір тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Орынжан Жүсіпқызының әр сабағы міне, осылайша, сәтті, мазмұнды да қызықты өтеді. Себебі, ол білімді, өнерлі, ізденімпаз, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жан-жақты ұстаз.
Теориялық білімімен қатар, ерекше қабілет пен біліктілігі, балаға деген сүйіспеншілігінің арқасында Орынжан  Мұстафина биік белестерден көрініп, толымды жетістіктерге жетіп жүр. Осындай ақ адал еңбегі үшін еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жатқан шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленуі өз алдына, облыс, қала әкімдері тарапынан Алғыс хаттар мен басқа да марапаттарға ие болып келеді. Жаны ізгі ұстазға жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде алда да жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.
Риза ЫҚЫЛАСОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар