Жете қамтылған

Әрбір қазақстандық үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауы өсіп, өркендеген еліміздің тарихындағы жаңа қадам болып табылатыны баршамызға аян.

Қазақстанның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталған. Елбасы  Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне әсер ететін салаларды қолдау керектігін баса айтты. «Ұлттық қордағы қаражатты халық игілігіне жұмсау керек», – деген Президент шағын және орта бизнес үшін қосымша 100 миллиард теңге бөліп, азық-түлік, химия өнеркәсібі, көлік құрастыру және қызмет көрсету салаларын дамыту қажеттігін баса атап көрсетті. Сондай-ақ, ЕХРО – 2017 кешенінің құрылысын жалғастыру үшін келесі жылы несие ретінде 40 миллиард  теңге қаржы бөлуді міндеттеді. Мұның бәрі ел игілігіне айналатын үлкен істердің басы деп түсіну қажет.
Еліміз өз тәуелсіздігін алған 22 жылдың ішінде барлық жағынан әлемге танылды. Біріншіден, бұл Мемлекет басшысының әлемдік деңгейдегі аса ірі саясаткерлігіне байланысты. Екіншіден, Президентіміздің тікелей ұйытқы болуы-мен мығым орныққан этнос-аралық ынтымақ пен бірліктің арқасы. Осы мәселелер ойдағыдай шешімін тапқан жерде тұрақтылық болатынына айқын көзіміз жетті.
Елбасы өз Жолдауында болашақта ел экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған көптеген мәселелерді атады. Индустрия-ны ғылыми негізде дамыту, шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау арқылы олардың еңбекақысын арттыру, аграрлық сектордан алынатын өнім көлемін еселеу, тағы басқа маңызды мәселелер қамтылған.
«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты әлемнің 30 дамыған елі  қатарына жасалған маңызды қадам. Жолдауда Елбасы мемлекет болашағы мен ұлт болып ұйысудың жаңа жолдарын тағы бір  айқындап берді.
Осы стратегиялық құжатты жүзеге асыруға Президентіміз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап белсене кірісу керек деп отыр. Бұл – Үкіметке жүктелген зор міндет.
Біз бұған дейінгі кездердегідей, алға биік мақсаттар қойып, оған қол  жеткізе  алатынымызды өзімізге де, өзгеге де дәлелдей білуіміз керек. Сол үшін біздің бертінде ашылған бірлескен кәсіпорнымыздың ұжымы да бел шеше іске кірісе түсетіні анық. Қазірдің өзінде қол жеткен жетістіктеріміз осы сөзіміздің айқын дәлелі екені белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз да бірлесе іске кіріссек, еліміз 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, Мәңгілік елге айналары сөзсіз.
Асылбек ҚАРЖАУБАЕВ,
«Sareko» қазақ-жапон бірлескен
кәсіпорнының цех басшысы,
 «Нұр Отан» партиясы бастауыш
 ұйымының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар