ҚЫЗЫЛТАҢ – боксшылар ауылы

Арқа өңірінің абыройын асқақтатып жүрген былғары қолғап шеберлері арасындағы жақсы дəстүрді Қызылтаң орта мектебінің оқушылары жалғастырып отыр.

Мектеп директоры Серік Құдайбергеннің бастауымен білім ошағында бокс секциясы 1986 жылы ашылған еді. Осы жылдар аралығында онда 5 спорт шебері мен 19 спорт шеберіне үміткер тəрбиеленіп шықты. Соның бірі Əнуар Батырхан бұл күнде Қазақстан Республикасы құрама командасының белді мүшесі болып саналады. Біз осындай шəкірттерімізді əрқашан мақтан тұтамыз. Жуырда болып өткен облыс біріншілігіне де Қызылтаң, Куропаткин орта мектептерінің 8 бірдей боксшысы қатысып, жүлдегер атанды. Қажымұқан спорт мектебінде төрт күнге созылған жарыстың ақтық сайысына біздің ауданымыздан төрт боксшы жолдама алды. Оған қоса, Куропаткин орта мектебінің оқушысы Олжас Қайырбеков 44 келі салмақта үшінші орынға ие болды. Оның бапкері Мейрамбек Шоқанбековтің жемісті еңбегін де атай кеткеніміз жөн. Ақтық с айыст а Қызылт аң орт а мектебінің оқушылары Көсем Аққұзов 34 келі салмақта, Дастан Амантаев 44 келі салмақта чемпиондық тұғырға көтерілсе, Мұхаммед Назымбек пен Саян Серəлі екінші жүлдегер атанды. Енді Дастан Амантаев пен Саян Серəлі қараша айында Жезқазған қаласында өтетін Қазақст ан Ре спубликасы чемпионатында облыс намысын қорғамақшы. Біздің мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңда Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің студенті Əділбек Кеңесов те байрақты бəсекелерде топ жарып жүр. Облыс құрама командасының мүшесі ретінде оның болашағынан зор үміт күтеміз.Қызылтаң ауылының өрендері бұдан басқа да аудандық жəне облыстық с айыст арда олжа с алып жүр. Бұл жетістіктерді жас бапкер Жасұлан Мендекиннің қажырлы еңбегімен байланыстырған жөн. Білікті бапкердің тəрбиеленушілері Дастан мен Саянға алдағы республикалық турнирде сəт сапар тілеп, биік белестен көрінулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Орал НЕҒМЕТЖАНОВ,
Қызылтаң орта мектебі бастапқы
əскери даярлық пəнінің жетекшісі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар