Ой-пікірлердің ортақтастығы

Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ел халқына арнаған Жолдауын кеңінен талқылап, бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Жолдауды талқылау барысында тарих пәнінің мұғалімі Абзал Құрмашев көліктік-логистикалық, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес, сондай-ақ, басқа да мәселелер бойынша Елбасының нақтылы тапсырмаларына жан-жақты тоқталып өтті. Ұжымның өзге мүшелері де осы тұрғыдағы ой-пікірлерімен бөлісіп, Жолдауды бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Ұстаздар білім саласының стратегиялық даму бағытына орай, апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін үш жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге қаржы бағытталатынын айтып,  өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытында мемлекет тарапынан зор мүмкіндіктердің қарастырылып жатқанын тілге тиек етті. Жолдауды талқылау барысында қазақ тілі және информатика пәндерінің оқытушылары Айнагүл Құлмағанбетова мен Нұрсұлтан Ахметов та сөз алып,  Жолдау ел экономикасының дамуына тың серпін  беретінін атап өтті. Осылайша лицей ұстаздарының маңызды  тарихи құжатқа білдірген зор қолдаулары Жолдау өміршеңдігін тағы бір айғақтай түсті.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар