Салаға көмек аз емес

Облыс агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері өз жиналысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

  Еңбек ардагерлері мен шаруашылық басшылары қатысқан жиналыста облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Димаш Таласбаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының аграрлық саясатының арқасында салаға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау жөнінде айтып берді. Мәселен, әлемдік дағдарысқа қарамастан, биыл бұл салаға 15 миллиард теңге субсидия қарастырылған екен. Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 238,8 миллиард теңгені құраған. Егіншілік және мал шаруашылығында оң өзгерістер баршылық. Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі жаңартылуда. Мал басы өсіп,  өнім көлемі артып келеді.
Жиналыста сөз алған  облыстық мәслихаттың депутаты, «Есіл Агро» ЖШС директоры Асылбек Есмағанбетов, «Сандықтау» ЖШС директоры
Жамул Мусханов, Еңбекшілдер ауданы «АгроҚызылҰйым» ЖШС директоры
Хамит Әбсаматов, еңбек ардагері Александр Карташов та қол жеткен жетістіктерге тоқтала келе, алдағы Президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Осыған байланысты облыс ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қауымдастығы мен ірі шаруа қожалықтары басшыларының Үндеуін Бұланды ауданы «Никольский» ЖШС директоры Қазақстан Жанәділов оқып берді.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар