Жауапты жұмыс кезеңі

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде  кезек күттірмейтін бірқатар мәселелер қаралып, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшыларына нақты міндеттер жүктелді. Өңір басшысы алдымен жиналғандарға «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жаңа басшысы Амантай Сейфуллинді таныстырып, бүгіндері қарызға белшесінен батқан басқарма жұмысына көңілі толмайтындығын жасырмады және жаңа басшының осы олқылықтарды жойып, жұмысты жақсартатынына сенім білдірді.  Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына дайындық жұмыстары мен оны тиісті деңгейде өткізу  туралы облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Николай Политкин баяндама жасап, жауапты науқанға біздің облыста да дайындық қызу жүріп жатқанын атап өтті. Осы орайда, барлық комиссия мүшелерінің заңды жетік білуі, сайлау учаскелерінің қажетті құралдармен жабдықталуы да аса маңызды екені айтылды. Сайлауға дейінгі қалған уақытта осы бағытта дәйекті жұмыс жүргізілуі тиіс. Қазірдің өзінде АҚШ және Финляндия елдерінен екі халықаралық бақылаушы келіп, өз міндеттеріне кірісіп кетті.
Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарының БАҚ-тарда берілуі және сайлау алдындағы өңірдегі саяси ахуал жөнінде хабардар етті.
Ал, көктемгі абаттандыру айлығы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Александр Мартыненко мен облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхаметовтың баяндамалары тыңдалды. Биылғы жылы облыс бойынша осы мақсатқа
2,6 миллиард теңге қаржы бөлінген. Осы орайда, облыс әкімі бұл жұмыстардың алғашқы кезеңін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін аяқтауды тапсырды.
Кеңесте өңір басшысы сондай-ақ, жақында ғана ҚР ІІМ орынбасары Владимир Божкомен бірге тікұшақпен көктемгі су тасқыны болуы мүмкін деген қауіпті аймақтарды аралап келгендігін баяндады. Алдағы аптада ауа райы 10 градусқа дейін жылынып, қар күрт еруі мүмкін. Демек, көктемгі су тасқынына жол бермеу үшін барлық қызметтер үйлесімді іс-қимыл танытулары қажет. Жағдай ушығып бара жатса, тұрғындарды дер кезінде қауіпсіз жерге көшіруді де қолға алуымыз керек, – деді өңір басшысы.
Кеңесте осындай бірқатар маңызды мәселелер қаралып, оларды бұлжытпай шешу уақыт талабы екендігі айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар