Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Он сегіз жасында от кешкен - АРҚА АЖАРЫ

Он сегіз жасында от кешкен

1943 жылы майданға аттанған жерлестеріміздің қатарында біздің әкеміз Таңатар Әшімұлы да бар еді.

Ол сол кезде небары он сегіз жаста ғана болатын. Әкеміз Шығыс Пруссия жерінде шайқасып жатқан үшінші екпінді армияның құрамында болды. Полковник Фроловтың қолбасшылығымен жауды өкшелей қуған біздің әскерлер көп кешікпей ежелгі орыс қаласы Кенигсбергті азат етіп, ұзамай Берлинге дейін жеткен. Соғыс 1945 жылы аяқталса да, елге тек 1950 жылы ғана оралды. Әкеміздің соғыс азабы жайлы бізге айтқан әңгімелері жадымызда әлі де сақтаулы. Бірде әкеміз:  
–Жеңіс күні таяп қалғанын сезіне бастаған жауынгерлер оны жақындата түсу үшін ерлікті, тапқырлық пен батылдықты дағдыға айналдырған кез бұл… Алдымызда – зұлым жаудың ең соңғы ордасы. Бекіністің берік екеніне көзіміз жетіп келеді. Демек, әрбір сүйем жер ілгерілеу үшін «тіл» керек болып тұр, – деген екен 1981 жылы жергілікті газеттердің біріне берген сұхбатында.
Сұрапыл соғыстан кейінгі саналы ғұмырын ел еңсесін көтеріп, ел тұрмысын түзеуге арнады. Әсіресе, орман шаруашылығы саласында аянбай тер төккенін ерекше атап өтсек дейміз. Оның есімі өндіріс озаты ретінде облыстық орман шаруашылығы басқармасының Құрмет кітабына жазылған. Сондай-ақ, бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері қоғамдық, саяси істерге де белсене араласып, қатарынан үш рет баста-уыш партия ұйымының хатшысы болып сайланған. Қатардағы орманшы, әрі кәсіподақтардың республикалық комитеті мен облыстық комитетінің мүшесі ретінде де ұжымда көптеген ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізді. Ол орманшылар қауымына тек жалынды сөзімен ғана емес, өзінің жеке үлгі-өнегесімен де ықпал ете білді.
Бұл күнде ұлдары Самарбай мен Бейсенбай да әке салған сара жолды жалғастырып, орманшылықты кәсіп еткен өз ісінің шеберлері. Абзал әкеміз талай жылдан бері еңбек еткен Самарбай орман шаруашылығы сол кезде табиғаттың ең бір ғажайып бұрышына  айналған еді. Ол жерде қарапайым орманшының көп жылғы мұқият әрі тынымсыз еңбегінің жемісі бар екені сөзсіз.
Шаңырағымыздың темірқазығы, асқар таудай ардақты әкеміздің дүниеден озғанына биыл жиырма бес жыл өтіпті. Қайран әке, ардагер Таңатар Әшімов тірі болса, биыл 90 жасқа толып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бәрімізбен бірге тойлар еді. Әттең, біреуге ерте, біреуге кеш жететін жазмыш оны арамыздан алып кетті. Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын, жан әке!

Роза ӘШІМОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар